“JAS ERUDIT”

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып, 5-6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшые тілі пәндерінен “JAS ERUDIT” олимпиадасының аудандық кезеңін 2023 жылдың 21 қазанында #57 орта мектебінде өткізді.

Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 386 оқушы қатысты.

Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 5-сынып оқушылары арасынан І орын-11, ІІ орын-21, ІІІ орын-35, грамота-25 оқушы иеленді. 6-сынып оқушылары арасынан І орын-8, ІІ орын-19, III орын-35, грамотаға-24 оқушы ие болды. Аудандық кезеңде жеңімпаз атанған 129 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!