Республикалық балалар оқулары байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

2023 жылғы 12 қазанда «№52 мектеп-гимназиясының базасында Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өтті. «Балалар әлемі» жобасы аясында өткізілген шараға 2023 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласының білім беру ұйымдарының 8-10 сынып арасында өткен аудандық кезеңінің жеңімпаздары – 16 оқушы қатысты. Байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша: І орын – 2; ІІ орын – 2; ІІІ орын – 4. Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары №66 МЛ, 8 сынып оқушысы Амангелді Жасмин, және №82 «Дарын» ММ, 9 сынып оқушысы Ермек Ералы, №64 МЛ, 10 сынып оқушысы Адрейсова Жаннұр республикалық балалар оқулары байқауына жолдама алды. Жолдама иегерлерінің республикалық байқуада жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз! «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы