Физика пәні мұғалімдеріне арналған V шығармашылық байқау

2023 жылдың 8 қазан күні Астана қаласының Білім басқармасы, «Дарын» РҒПО, «Астана дарыны» орталығы және Қазақстан Математика пәні мұғалімдері қауымдастығы ұйымдастырумен Астана қаласы математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған V шығармашылық байқау елордадағы №59 мектеп-лицейінде өтті. Байқауға қаланың білім беру ұйымдарынан 150 мұғалім (математика пәнінен 115, физика пәнінен 35 мұғалім) қатысты.