«Бір мұғалім – әртүрлі балалар: дарынды балаларды оқыту мәселелері» тақырыбында семинар

2023 жылдың 22 қыркүйек күні Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде (Шапық Шөкин көшесі, 5) «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының көркемдік-эстетикалық пәндер педагогтері үшін «Бір мұғалім – әртүрлі балалар: дарынды балаларды оқыту мәселелері» тақырыбында семинар өткізеді.

         Мақсаты: білім алушылардың  дарындылығын жетілдіре отырып, еңбек және шығармашылық құндылықтарын көркемдік-эстетикалық сабақтарда сіңіру негізінде ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту.

Қатысушыларды тіркеу: 09:00-09:30

Көрме алаңы: 09:30-10:00

Семинардың басталуы: 10:00

Семинарға жалпы білім беру ұйымдарынан көркемдік-эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі және көркем еңбек немесе көркем сурет пәнінің мұғалімі (ұйымнан барлығы 2 адам) қатысады.

Қосымша мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады: «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Қабанбай батыр – 33, қабат -5, кабинет -503, байланыс телефон:    25-01- 60.