Central Asia FIRST Global Challenge

Робототехникадан Central Asia FIRST Global Challenge Халықаралық жарысының Азиялық іріктеу кезеңі ақталды. 2023 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында робототехникадан Central Asia FIRST Global Challenge Халықаралық жарысының Азиялық іріктеу кезеңі өтті. Шараны «Дарын» РҒПО-ғы, «USTEM Robotics – Қазақстан және Орта Азия Роботехника дамыту» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды . Мақсаты – мектеп оқушыларын адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуге тарту және Steаm пәнін танымал ету. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Монғолия мемлекеттерінен 50-ден аса команда қатысты. Елорда қаласынан 5 команда қатысып: 1. Группа Роботехника ЖШС, «Kcell Tech» командасы – Social Media Winner Award номинациясы бойынша; 2. БИЛ (ер), «BILIEVERS» командасы – Breakthrough номинациясы бойынша; 3. №38 МЛ, «Venom» командасы – Social Media Finalist Award номинациясы бойынша; 4. NURORDA МЛ, «Alash-ORDA» командасы – Innovation in Engineering номинациясы бойынша; 5. Quantum Stem School, «QUANT» командасы – Breakthrough номинациясы бойынша марапатталды. Жас робототехниктерді құттықтаймыз!