«ELORDALYQ BILIM»

2023 жылдың 14-16 тамызында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, № 59 мектеп-лицейінде Астана қаласы педагогтеріне арналған «ELORDALYQ BILIM» апталығы өтті. Апталықтың барысында «Бақытты балалық шақ формуласы және құдылықтар: тұлға, отбасы, ұстаз», «Білім беру саласындағы инновация: құндылықтар, үрдістер, технологиялар», «Білім беру саласының цифрлық кеңістіктегі өзгерісі» пленарлық сессиялары ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылына стратегиялар, жоспарлар нақтыланып, педагогикалық идеялар ортаға салынды.Сонымен қатар елордалық спикерлердің қатысуымен тақырыптық пленарлық отырыстар және секциялық пікірталас алаңдары орын алды. Тәжірибе алмасу мақсатында олар өз жобалары мен зерттеу жұмыстарын ұсынды: «Әлихан және АЛАШ» үстел ойыны – Досанова Е., Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, «Дизайн мышления как креативный ресурс развития проектно-ориентированной школы» – Сыздыкова А., № 41 ОМ директоры, «Роль робототехники в стимулировании креативности и инноваций: как использование роботов может вдохновить учащихся на исследование, разработку новых идей и создание инновационных проектов?» – Шалкарбеков С., «Группа Роботек» ЖШС директоры, «Об апробации курса «Робототехника» в рамках программы предмета «Көркем еңбек» – Жандос Болат, «Арман Инжиниринг» ЖШС өкілдігінің жетекшісі, «Жаңа Қазақстанға: дарынды оқушы, талантты ұстазбен» – Садвакасова А., «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы. Сонымен қатар «Білім беру саласындағы цифрлық платформалары, «Үздік педагогтердің педагогикалық технологиялар аллеясы» көрмелерінде педагогтердің озық тәжірибелері ұсынылды. Пікірталас алаңдарында TED-спикерлер бірегей идеяларымен бөлісіп, аудиториямен өзекті мәселелерді қызу талқылады, ұсынымдар қабылданды.