Мектепке дейінгі жастағы балалар арасында «Қызыққа толы сәттер» жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру туралы фото, бейнесюжеттер республикалық байқауының қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын және іс-әрекетпен қамтылуын ұйымдастыру үлгілік оқу бағдарламаларын тәжірибеде іске асыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс тәжірибесін анықтау және оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында «Қызыққа толы сәттер» (бұдан әрі – Байқау) жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру туралы фото, бейнесюжеттер республикалық байқауының қалалық кезеңін 2023 жылдың 16 мамыр күні орталықтың базасында өткізді. Қалалық кезеңнің І орын №15 «Дарын» б/б («Балбұлақ», «Балауса», «Балақай» топтары,4-5 жас), ІІ орын №38 «Шаттық» б/б («Аққу», «Түймедақ», «Бұлбұл», «Бозторғай» топтары, 3-5 жас); №18 «Аяжан» б/б («Нұрбөбек» тобы,5-6 жас); №11 «Гауһар» б/б («Маржан» тобы, 4 жас) иегерлері республикалық кезеңге қатысып, №38 «Шаттық» балабақшасының 3-5 жас аралығындағы «Аққу», «Түймедақ», «Бұлбұл», «Бозторғай» топтары ІІ орын жүлдегері атанды. Жеңіс тұғырынан көрінген балабақша бүлдіршіндерін және жетекші, ата-аналарын құттықтаймыз.

https://www.instagram.com/tv/Cs7x75LOA4b/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==