2023 жылдың 16-17 мамыр күндері республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы онлайн форматта өткізілді. Атаулы байқауға елордалық оқушылар қатысып, нәтижесінде «Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» номинациясы бойынша №58 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Қанат Ақмаржан алғыс хат, «Ұлы тұлғаға арнау» номинациясы бойынша №67 гимназияның 10-сынып оқушысы Дәуренбеков Әмір ІІІ орын, ал «Ілияс-сөз шебері» номинациясы бойынша №26 мектеп-гимназиясы 8-сынып оқушысы Мураткалиева Айзере ІІ орын иеленді. Жүлдегер оқушыларымыз «Дарын» РҒПО дипломдарымен, қаржылай сыйлықтармен мапаратталды.
Жүлдегерлер мен жетекшілерін құттықтаймыз!
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/05/IMG_20230517_180224_384-1.webp)
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/05/IMG_20230517_180224_228-1-1024x1024.webp)
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/05/IMG_20230517_180224_349-1.webp)
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/05/IMG_20230517_180224_159-1-1024x1024.webp)