Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытындысы

2023 жылдың 16-17 мамыр күндері республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы онлайн форматта өткізілді. Атаулы байқауға елордалық оқушылар қатысып, нәтижесінде «Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» номинациясы бойынша №58 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Қанат Ақмаржан алғыс хат, «Ұлы тұлғаға арнау» номинациясы бойынша №67 гимназияның 10-сынып оқушысы Дәуренбеков Әмір ІІІ орын, ал «Ілияс-сөз шебері» номинациясы бойынша №26 мектеп-гимназиясы 8-сынып оқушысы Мураткалиева Айзере ІІ орын иеленді. Жүлдегер оқушыларымыз «Дарын» РҒПО дипломдарымен, қаржылай сыйлықтармен мапаратталды. Жүлдегерлер мен жетекшілерін құттықтаймыз!