Жас математик мұғалімдерге арналған олимпиаданың қорытындысы

2023 жылдың 14 сәуірінде № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінде «Астана дарыны» орталығы Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып жас математик мұғалімдерге арналған олимпиадасын (III шығармашылық байқауды) өткізді.Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау, тәжірибемен алмасу. Олимпиадаға 58 білім беру ұйымынан 111 педагог қатысты. Олимпиадаға қатысушыларға «Астана дарыны» орталығы және Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығының сертификаттары табысталды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды: I орын – 9, II орын – 10, III орын – 20.