Балқан математикалық олимпиадасы

2023 жылдың 8-13 мамыр аралығында 40-шы Балқан математикалық олимпиадасы Анталия қаласында (Түркия) өтеді. Олимпиадаға Балқан түбегінің 22 елінен және басқа да мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысады. Ел намысын қорғайтын Қазақстан құрама командасындағы 6 оқушының қатарында «Nurorda» мектеп-лицейінің оқушысы Мұхаммед Нағашбек бар. Жас зияткерлерге сәттілік тілейміз!