Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі

Астана қаласының Білім басқармасы басшысының 2023 жылдың 13 сәуіріндегі №786 «Қалалық JasSkills Astana 2023 кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 20-21 сәуір аралығында жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2023» қалалық чемпионатының «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша сайыс өтіп жатыр. Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжінің «Құзыреттілік орталығында» өтіп жатқан чемпионатқа 12 елордалық жеткіншектен құралған 6 команда қатысып жатыр: 1. №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі – Жасымбек Мәди, Төлегенов Әлихан; 2. №55 орта мектеп – Айтбаев Арлан, Меделжан Нұрсезім ; 3. №15 мектеп-лицей – Телегенов Альсаид ,Сейілов Темірлан; 4. Zharkyn Smart School – Нақышбаев Жақсылық, Қағазбек Ерасыл; 5. №1 мектеп-лицей – Хлынова Анастасия, Гниненко Евгения; 6. А.Бөкейхан ат. BINOM SCHOOL мектеп лицейі – Асанжанов Бекнур, Есембеков Данияр. Қатысушылар чемпионат барысында 10 модульден тұратын тапсырмаларды орындайтын болады: 1 модуль.Біздің команда және бизнес-идея; 2 модуль.Мақсатты топ; 3 модуль.Арнайы тапсырма №1; 4 модуль.Жұмыс процесін жоспарлау; 5 модуль.Арнайы тапсырма №2; 6 модуль.Маркетингтік жоспарлау; 7 модуль.Арнайы тапсырма №3; 8 модуль.Тұрақты даму; 9 модуль.Қаржы құралдары мен көрсеткіштерді қоса алғанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі; 10 модуль.Фирма/жобаны жылжыту. Қатысушылардың жұмысын сарапшылар бақылап, бағалайтын болады. «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың қорытындысы 28 сәуір күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.