Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі

Астана қаласының Білім басқармасы басшысының 2023 жылдың 13 сәуіріндегі №786 «Қалалық JasSkills Astana 2023 кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 20-21 сәуір аралығында жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2023» қалалық чемпионатының «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша сайыс Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация» колледж базасында өтіп жатыр. Сайысқа елордалық білім беру мекелерінен 5 жеткіншек қатысуда: 1. №22 мектеп-гимназиясы – Давыденко Ярослав;2. №22 мектеп-гимназиясы – Коломейчук Архип;3. №22 мектеп-гимназиясы – Куслий Михаил;4. №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі- Смагулов Абылай;5. №53 мектеп-лицей –Кущ Владимир; «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша сайысқа қатысушылар 4 модульден тұратын тапсырмаларды орындайды:1 модуль. Электр монтождау жұмыстарын жүргізуге дайындық;2 модуль. Электр жабдықтарын орнату және монтаждау, кабельдер мен сымдарды төсеу және қосу;3 модуль. Электр желісі мен электр жабдығын іске қосу-жөндеу жұмыстары.4 модуль. Ақауларды іздеу. Қатысушылардың жұмысын сарапшылар бақылап, бағалайтын болады.«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың қорытындысы 28 сәуір күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.Чемпионат қатысушыларына сәттілік тілейміз!