«ProEco» республикалық конкурсының қалалық кезеңі

2023 жылдың 22 сәуір күні №38 мектеп-лицейінің базасында 5-8 сынып оқушыларының арасында «ProEco» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізіледі.Мақсаты: оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу, экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу.Биылғы конкурсқа елордалық 102 оқушы 83 жоба ұсынбақ.Конкурс 4 бағыт бойынша өтеді:1 бағыт – «Туған өлке табиғаты»;2 бағыт – «Мені қоршаған әлем- ғажайып әлем»;3 бағыт – «Үздік экологиялық бастама»;4 бағыт – «Таза қала сізден басталады».​Ғылыми жоба конкурсына қатысушыларда міндетті түрде макеттері, (макеттері іс барысында), видео ролик, презентациялары, жұмыстары болуы керек. Қорғау уақыты – 5-7 минутТіркелу сағат 8.15-тен-8.45-ке дейін. Басталуы сағат 9.00.Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!