«М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» аймақтық ғылыми жобалар байқауы

2023 жылдың 12 сәуірінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-10 сынып оқушылары арасында
«М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» аймақтық ғылыми жобалар байқауын өткізді.
М.О.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясымен бірлесе ұйымдастырылған байқауға елордалық білім беру мекемелерінен 29 оқушы, Шығыс Қазақстан облысынан 1 оқушы, Жамбыл облысынан 3 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушыларын жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау және зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, жазушы шығармаларының рухани құндылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Ғылыми жобалар: М.О.Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы орны, М.О.Әуезов және тарих, М.О.Әуезов және әлем әдебиеті секциялары бойынша қорғалды.
М.О.Әуезовтің еңбектерін зерттеп, терең меңгерген қатысушылардың ішінен озып шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының I, II, III дәрежелі дипломдары, грамоталарымен марапатталды:
М.О.Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы орны секциясы бойынша:
I орын: Жамбыл обл. М.Әуезов ат. МГ;
II орын: №№ 86 МГ, 66 МЛ;
III орын: №№ 52 МГ, Ы.Алтынсарин ат. Binom School МЛ, Жамбыл обл. М.Әуезов ат. МГ;
грамота: №№ Қ.Мырза Әлі ат.Binom School МЛ, 35 МЛ, 50 МЛ.
М.О. Әуезов және тарих секциясы бойынша:
I орын: № 86 МГ;
II орын: №№ 83 МГ, Қ. Мырза Әлі ат.Binom School МЛ, 38 МЛ;
III орын: №№ 26 МГ, Жамбыл обл. М.Әуезов ат. МГ, 53 МЛ, ШҚО М.Әуезов ат. ОМ, 58 МГ, 75 МГ;
грамота: № 8 МЛ.
М.О. Әуезов және әлем әдебиеті секциясы бойынша:
II орын: №9 «ЗЕРДЕ» ММ;
III орын: №7 МГ;
грамота: №64 МЛ.
Байқауға қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!