8-11 сынып оқушыларының арасында өтетін қалалық Мұқағали Мақатаев оқулары туралы ақпарат

8-11 сынып оқушыларының арасында өтетін қалалық Мұқағали Мақатаев оқулары туралы ақпарат
​2023 жылдың 8 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №74 мектеп-гимназиясы базасында 8 – 11 сынып оқушылары арасында республикалық М.Мақатаев оқуларының қалалық кезеңін өткізеді.
​Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізуге баулу мақсатында М.Мақатаев оқулары өткізіледі.
Ережеге сәйкес оқулар 3 номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?»;
  2. «Жыр эстафетасы»;
  3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…».
    Қалалық «Мұқағали Мақатаев» оқуларына 140 оқушы қатысады.
    Өтетін орны: №74 мектеп-гимназиясы (Т.Жүргенов көшесі 29).
    Өтетін уақыты – тіркеу: сағат. 08:15-08:40; басталуы: сағат. 09:00.