8-11 сынып оқушыларының арасында өтетін қалалық Мұқағали Мақатаев оқулары туралы ақпарат

​2023 жылдың 8 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №74 мектеп-гимназиясы базасында 8 — 11 сынып оқушылары арасында республикалық М.Мақатаев оқуларының қалалық кезеңін өткізеді.​Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізуге баулу мақсатында М.Мақатаев оқулары өткізіледі. Ережеге сәйкес оқулар 3 номинация бойынша өткізіледі: 1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?»;2. «Жыр эстафетасы»; 3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…».Қалалық «Мұқағали Мақатаев» оқуларына 140 оқушы қатысады.Өтетін орны: №74 мектеп-гимназиясы (Т.Жүргенов көшесі 29).Өтетін уақыты — тіркеу: сағат. 08:15-08:40; басталуы: сағат. 09:00.