«Qabilet»

Астана қаласы әкімдігі «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі бөлімі және «Атамекен» ҰКП бірлесе отырып, білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының ЖОО білім бағдарламаларын бағалау бойынша вебинар өткізілді. 2023 жылдың 3,4 сәуір аралығында елорданың Алматы (497 оқушы), Сарырарқа (447 оқушы), Байқоңыр мен Есіл (546 оқушы) аудандары қарасты білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты. Онлайн вебинарларда «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің өкілдері мен «Атамекен» ҰКП өкілі мамандық таңдауда көмегі туралы және Қазақстан Республикасының ЖОО білім бағдарламалары туралы ақпарат берді.