2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың  «Зерде» Республикалық конкурсы туралы ақпарат

2023 жылдың наурыз айының 16-18 күндері аралығында (Ақмола облысы, Щучье қаласында) «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» Республикалық конкурсы өтеді. Конкурс төмендегі секциялар бойынша болады:1.Қазақ тілі мен әдебиеті2.Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі3.Тарих, өлкетану, этномәдениеттану4.Физика- техника5.Математика-информатика6.Химия-биология7.Медицина-психология8.Экология-валеология9.РобототехникаКонкурсқа Астана қаласының командасы кетіп барады. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!