Ө.М.Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылдың 18 наурызында Ө.М.Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиадасын №56 мектеп-лицейінің базасында өткізеді. Олимпиадаға 8-11 сынып оқушылары (әр параллельден 1 оқушы) қатысады. Олимпиаданың мақсаты – қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің ғылымға қосқан үлесін насихаттау, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервтерін қалыптастыру. Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттар алады, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Өтетін орны: №56 мектеп-лицейі (Челюскинцев көш., 29/1). Басталуы: сағ.10.00.