EGMO

2023 жылдың 2-3 наурыз күндері қыз балаларға арналған Еуропалық халықаралық математикалық олимпиаданың (EGMO) іріктеу кезеңіне Астана қаласының білім беру мекемелерінен 12 оқушы қатысты. Ең жоғары нәтиже көрсеткен «Haileybury Astana» мектебінің 11-сынып оқушысы Темирзинова Мерей ҚР командасының құрамына кірді. Ол ағымдағы жылдың 13-19 сәуір күндері аралығында Порторож қаласында (Словения) өтетін олимпиадаға жолдама алды.Мерейге сәттілік тілейміз!