География пəнінен Ұлттық олимпиада

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы KAZMEDIA HOLDING ЖШҚ «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясымен бірлесе отырып 2023 жылдың 3-ші наурызында 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың финалдық (қалалық) кезеңін өткізеді.Олимпиаданың тапсырмалары география бойынша жетекші халықаралық олимпиадаларды терең және жан-жақты талдау, сондай-ақ халықаралық өлшемдер (PISA, TIMSS) тапсырмалары негізінде әрі Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің жаңартылған мазмұнының және бенчмаркингтің (бағалау) қағидаттары мен талаптарын ескере отырып әзірленеді.География пəнінен Ұлттық олимпиаданың іріктеу (аудандық) кезеңіне жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сыныптарынан 689 оқушы қатысып, 199 жүлдегер финалдық (қалалық) кезеңге жолдама алды. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Өтетін орны: №72 мектеп-лицейі (А.Байтұрсынов көшесі, 25).

Тіркеу: сағ. 9.00 – 9.45. Басталуы: сағ.10.00.