2023 жылы 10 ақпанда онлайн режимінде математика, физика және информатика бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасының жабылусалтанаты өтті. Осынау беделді зияткерлік сайысқа әлемнің 26 елінен 1200-ден астам сайыскер қатысып, нақты ғылымдар бойынша өз білімдерін көрсетті. Олимпиада аралас: офлайн/онлайн форматында өтті. Жәутіков олимпиадасының мақсаты: оқушылардың физика-математика ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердегі мамандандырылған мектептер арасында достық қарым-қатынас орнату, Қазақстанның білімі мен мәдениеті деңгейін көрсету. Елорданың жетістіктер қоржыны тағы да түрлі деңгейдегі 14 медальмен толықты. Математикадан 515 қатысушының арасынан елордалық оқушылар 1 күміс, 4 қола жеңіп алды: Күміс медаль – Нағашбек Мухаммед («NURORDA» мектеп -лицейі), Қола медаль – Молдабек Адильбек («NURORDA» мектеп -лицейі), Тансықбай Абзал, Амангельдин Айбын (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты), Мерей Темирзинова («HAILEYBURY» халықаралық мектебі). Физикадан 342 қатысушының арасынан 3 оқушы қола медаль: Нахып Ердаулет («NURORDA» мектеп -лицейі), Маликов Амирғали, Пшембаев Амир (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты). Информатикадан 351 қатысушының ішінен 6 оқушы қола медаль иеленді: Шермахан Ильяс, Төлеген Мухитали, Рахматуллин Асылжан ( «NURORDA» мектеп -лицейі), Жарылғамысов Темірлан, Исаев Арман, Қиғаш Амир (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты). Елордалық жеңімпаздарды, олардың ұстаздары мен ата – аналарын құттықтаймыз! 💐💐💐@astana_daryny#2022_2023_астана_дарыны#астана_дарыны@bilimastana@oqu_agartu_ministrligi@gani.beisembayev@akimat_nur_sultan@jenis__kasymbek@s_kassymkhan@rspc_daryn@tursunov_gazdembek