Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

    2023 жылы 10 ақпанда онлайн режимінде математика, физика және информатика  бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасының жабылусалтанаты өтті.        Осынау беделді зияткерлік сайысқа әлемнің 26 елінен 1200-ден астам сайыскер қатысып,  нақты ғылымдар бойынша өз білімдерін көрсетті.         Олимпиада аралас: офлайн/онлайн форматында өтті.        Жәутіков олимпиадасының мақсаты: оқушылардың физика-математика ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердегі мамандандырылған мектептер арасында достық қарым-қатынас орнату, Қазақстанның білімі мен мәдениеті деңгейін көрсету.        Елорданың жетістіктер қоржыны  тағы да түрлі деңгейдегі 14 медальмен толықты.        Математикадан  515 қатысушының арасынан  елордалық оқушылар 1 күміс, 4 қола  жеңіп алды: Күміс медаль –  Нағашбек Мухаммед («NURORDA» мектеп -лицейі), Қола  медаль – Молдабек Адильбек («NURORDA» мектеп -лицейі), Тансықбай Абзал, Амангельдин Айбын (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты),  Мерей Темирзинова («HAILEYBURY» халықаралық мектебі).        Физикадан 342 қатысушының арасынан  3 оқушы қола медаль: Нахып Ердаулет («NURORDA» мектеп -лицейі), Маликов Амирғали, Пшембаев Амир (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты).       Информатикадан  351 қатысушының ішінен 6 оқушы қола медаль иеленді:  Шермахан Ильяс,  Төлеген Мухитали, Рахматуллин Асылжан ( «NURORDA» мектеп -лицейі), Жарылғамысов Темірлан, Исаев Арман, Қиғаш Амир (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты).           Елордалық жеңімпаздарды, олардың ұстаздары мен ата – аналарын құттықтаймыз! 💐💐💐@astana_daryny#2022_2023_астана_дарыны#астана_дарыны@bilimastana@oqu_agartu_ministrligi@gani.beisembayev@akimat_nur_sultan@jenis__kasymbek@s_kassymkhan@rspc_daryn@tursunov_gazdembek