Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III (қалалық) кезеңін ұйымдастыру және өткізу

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы хабарлайды: 2023 жылдың 13-17 ақпаны аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III (қалалық) кезеңі Мәңгілік Ел 55/13, 5 пост, С1 блогы, ЭКСПО павильоны мекенжайында орналасқан Astana IT University (IT университеті) базасында өтеді. Өткізу кестесі қоса берілген. Олимпиаданың қалалық кезеңі 2 бағыт бойынша өтеді:• 13-14 ақпан – жаратылыстану – математикалық бағыт; НАЗАР аударыңыздар! Информатика пәні № 60 МЛ базасында өтеді! • 16 -17 ақпан – қоғамдық – гуманитарлық бағыт.