Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары қалалық конкурсының іріктеу (сараптама) және қалалық кезеңдері қорытындысы

«Астана дарыны» 2022 жылдың 18 қараша және 1 желтоқсан күндері аралығында ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары қалалық конкурсына қатысқан оқушылардың жұмыстарын сараптамадан өткізді. Конкурсқа қатысу үшін 108 білім беру мекемесінен 1515 оқушыға сұраныс келіп түсті.
2023 жылы 6 қаңтарда ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Плагиат пен сараптаманың қорытындысы бойынша қалалық кезеңге 1004 оқушы өтіп, 608 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
2-4 сынып – 305 оқушы:
І орын – 33;
ІІ орын -113;
ІІІ орын – 159;
Грамота – 92.

5-7 сынып – 303 оқушы:
І орын – 40;
ІІ орын – 91;
ІІІ орын -176;
Грамота – 98.