Бүгін, 28 желтоқсанда «Астана дарыны» ұйымдастырған жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша ( математика, физика, химия, биология, география,информатика) оқу – жаттығу жиыны (ОЖЖ) аяқталды.
24- 28 желтоқсан күндері аралығында «Дарынды ер балаларға арналаған БИЛ «мектеп- лицей базасында республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері күрделілігі әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындап, сараптама жасады және олардың шешімін табудың жаңа тәсілдерімен танысты.
Оқу – жаттығу жиынының басты мақсаты – жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың барлық деңгейіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерін сапалы даярлауды қамтамасыз ету және қолдау. Пәндік білімге ерекше қызығушылық мен қабілет танытқан оқушылардың арасынан олимпиадалық резерв дайындау.