Оқу – жаттығу жиыны

Бүгін, 28 желтоқсанда «Астана дарыны» ұйымдастырған жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер  бойынша ( математика, физика, химия, биология, география,информатика) оқу – жаттығу жиыны (ОЖЖ) аяқталды.

24- 28 желтоқсан күндері аралығында «Дарынды ер балаларға арналаған БИЛ «мектеп- лицей  базасында республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері күрделілігі әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды орындап, сараптама жасады және олардың шешімін табудың  жаңа тәсілдерімен танысты.             

         Оқу – жаттығу жиынының басты  мақсаты –  жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың барлық деңгейіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерін  сапалы даярлауды қамтамасыз ету және қолдау. Пәндік білімге ерекше  қызығушылық мен қабілет танытқан оқушылардың арасынан  олимпиадалық резерв дайындау.