«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес
ІІ қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуларын (бұдан әрі- Оқулар) 2-4 сынып оқушылары арасында желтоқсанның 26 күні №64 мектеп-лицейі (Ғ.Мүсірепов 15) базасында өткізетінін хабарлайды.
Оқулардың мақсаты – мектеп оқушыларының қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. «Өнер алды….» – мақал-мәтелдерді мәнерлеп, жатқа оқу номинациясы;
2. «Ойлан, тап» – мақал-мәтелдерден алынған сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, өлең жолдарын құрастыру номинациясы;
3. «Алтын сақа» – шығарманы жалғастыру номинациясы. Қарсыластар мақал -мәтелді кезекпен жалғастырады.
4. «Ақ желкен» – шығармашылық жұмыс номинациясы.
Қатысушыларды тіркеу: сағат 08:15-08:45
Басталуы: сағат 09.00.
Оқушылар өздерімен бірге екінші аяқ киім немесе бахила әкелуі қажет.
Ұйымдастырушылардың мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, «Астана дарыны» орталығы.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 20 26 83.