ІІ қалалық «Әдебиет әліппесі» оқулары

         «Астана дарыны» дарынды  балалар мен талантты  жастарды  анықтау және    қолдау    орталығы    2022    жылдың    іс-шаралар   жоспарына  сәйкес

ІІ қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуларын (бұдан әрі- Оқулар)     2-4    сынып     оқушылары    арасында    желтоқсанның     26     күні  №64 мектеп-лицейі (Ғ.Мүсірепов 15) базасында өткізетінін хабарлайды. 

          Оқулардың мақсаты – мектеп оқушыларының қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:  

1.  «Өнер алды….» — мақал-мәтелдерді мәнерлеп, жатқа оқу номинациясы;

2. «Ойлан, тап» — мақал-мәтелдерден алынған сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, өлең жолдарын құрастыру номинациясы;   

3. «Алтын сақа» — шығарманы   жалғастыру  номинациясы. Қарсыластар  мақал -мәтелді  кезекпен жалғастырады. 

4. «Ақ желкен» — шығармашылық жұмыс номинациясы.

Қатысушыларды тіркеу: сағат 08:15-08:45

Басталуы: сағат 09.00.   

         Оқушылар өздерімен бірге екінші аяқ киім немесе бахила әкелуі қажет.

Ұйымдастырушылардың мекенжайы: Астана қаласы,  Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, «Астана дарыны» орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 20 26 83.