Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Бүгін, 2022 жылдың 21 желтоқсан күні Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM мектеп-лицейінде (Е-38 көшесі, 9/5) жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға аудандық кезеңнің І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері атанған 537 (5сынып- 258, 6 сынып -279) оқушы қатысты.