Елордалық үздіктер «Жыл оқушысы» байқауында бақ сынауда

Елордалық үздіктер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өткізіп жатқан республикалық «Жыл оқушысы» байқауына қатысуда. Байқаудың мақсаты: оқушылардың білім деңгейін арттыру, оларды білімнің әр түрлі салаларында дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту, тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру.Еліміздің үздіктері бақ сынайтын байқауда №4 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Маратова Тамирис, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 7-сынып оқушысы Оразбек Томирис және №87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Арғынбаева Ұлпан білім мен өнердегі қабілеттерін танытып, елорданың намысын қорғауда.Жылдың үздік оқушысы анықталатын білім мен өнер додасының қорытындысын күтудеміз.