ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР
2022 жылдың қараша айында «Астана дарыны» орталығы 14 іс-шара өткізді, оның ішінде 2 халықаралық, 5 республикалық және 7 қалалық. Аталған іс-шараларға Астана қаласынан барлығы 3 389 оқушы қатысып, 1 246 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 224;
I орын – 450;
III орын – 572;
Грамота – 365.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың қыркүйек айының 15-і мен қазан айының 26-сы аралығында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының іріктеу кезеңіне өнерпаздардың бейнематериалын тіркеу жүргізілді.
Өнер байқауының іріктеу кезеңіне 67 мектепке дейінгі білім беру мекемесінен 3-4 жас пен 5-6 жас ерекшелігіне қарай «Вокал», «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша 148 тәрбиеленушінің бейнематериалы қабылданды.
Қазылар алқасы іріктеу кезеңінің отырысын 2022 жылдың 1 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өткізді.
Байқау Ережесіне сәйкес жас ерекшелігіне қарай «Вокал», «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша бүлдіршіндердің 148 өнер шығармасы бейнетаспадан қаралып, жинаған ұпай санымен байқаудың қалалық кезеңіне тәрбиеленушелердің 34 (23 %) өнер шығармасы жолдама алды.
2022 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ-ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Астана қаласы Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында Республикалық балалар оқулары өтті.
Балалар оқуларының республикалық кезеңіне Астана қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 4 оқушы қатысып, нәтижесінде:
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша №70 МЛ 4 сынып оқушысы Ұлағат Нұрай (жетекшісі Махулбекова Жадыра Оразалиевна) – ІІІ орын;
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша №86 МГ 6 сынып оқушысы Нұржігіт Алуа (жетекшісі Байтугулова Кульбаршин Калидуаевна) – ІІІ орын;
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар бойынша Ә.Бөкейхан ат. BINOM МЛ 8 сынып оқушысы Ерлан Айгерім – ІІІ орын;
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар оқу бойынша №81 МЛ 10 сынып оқушысы Ерғалиева Аделья алғыс хат иеленді.
2022 жылдың 3-5 қараша күндері аралығында Тараз қаласында «Менің кіші Отаным» V республикалық зияткерлік конкурсының ақтық кезеңі өтті. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 4 оқушы қатысып:
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша:
№92 мектеп -лицейінің 10 – сынып оқушысы Шакирова Диана – І орын;
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша:
№64 мектеп -лицейінің 10-сынып оқушысы Сәдібек Кәусәр – ІІ орын;
«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша:
№38 мектеп -лицейінің 9-сынып оқушысы Өтеген Әділсұлтан- ІІІ орын;
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша:
№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Көпбай Гүлжазира -ІІІ орын иеленді.
2022 жылдың 3-5 қараша күндері аралығында Қарағанды қаласында VІІ Халықаралық «RoboLand 2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Астана қаласынан жалпы 20 командақатысып:
Шығармашылық категориясы 15-18 жас аралығы бойынша «Alterra» командасы №9 «Зерде» (Бусурманов Еркебулан, Тусупбекова Жадыра, Данил Еркежан) – І орын;
Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша «FanRobotics 2» командасы Техникалық шығармашылық орталығы (Утубаев Алдияр, Боранбай Альтамир – №68 МГ) – І орын;
Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша «FanRobotics 3» командасы №68 МГ (Рысбек Мейрамбек, Есенғали Диас) – ІІ орын;
Лабиринт категориясы 8-10 жас аралығы бойынша «Астана_38» командасы №38 МЛ (Камалов Шахназар, Камалов Бекмұхан) – ІІІ орын;
Лабиринт категориясы 11-16 жас аралығы бойынша «Winners» командасы «Quantum STEM school» (Сеилхан Алдияр, Қажығали Әмір) – ІV орын;
Лабиринт категориясы 8-10 жас аралығы бойынша «4G»командасы Quantum STEM school (Кунанбаева Айя, Кабдушев Султан) – V орын.
2022 жылдың 10 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңін №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде өткізді.
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайға ие болған 37 жалпы білім беру мекемелерінің 43 оқушысы қатысты.
Олимпиаданың ІІ (қалалық)кезеңі бойынша нәтижелер көрсеткіші төмендегідей:
І орын: 2 (№5, БИЛ қыз);
ІІ орын: 6 (№9,№ 47, БИЛұл, БИЛқыз, BINOM А.Байтұрсынұлы, «Столичная» Садвакасова Х.Ж);
ІІІ орын: 12 (№№3, 31, 30, 68, 59, 60, 46, Экономикалық лицей, БИЛұл, БИЛқыз, Quantum STEM School);
Грамота: 9 (№№53, 71, 27, 60, 11, 85, 3, 35, 82).
2022 жылдың 10-12 қараша күндері Ақтау қаласында республикалық Әбіш оқулары өтті.
Әбіш оқуларының республикалық кезеңінде елорданың атынан №16 ОМ 8 сынып оқушысы Умарова Сабина, №58 МГ 9 сынып оқушысы Ахмадиева Айзере, №38 МЛ 9 сынып оқушысы Слямова Назия және №87 мектеп-гимназиясы мен №66 мектеп-лицейінің командалары қатысты.
Конкурстың нәтижесі бойынша сахналық қойылым секциясында қатысқан №66 мектеп-лицейінің командасы жүлделі ІІІ орын иеленді.
2022 жылдың 11 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы бірлесіп ағымдағы жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған Ы.Алтынсариннің туған күніне орай 8-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында қалалық «Ұлы Дала қоңырауы» байқауын өткізді.
Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 83 оқушы, 37 мұғалім қатысты. Оқушылар арасында 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – 2, 2 орын – 12, 3 орын – 19 және грамота – 5.
Мұғалімдер арасында 15 адам жүлделі орындарға ие болды: 2 орын – 4, 3 орын – 11 және сертификат – 6.
2022 жылдың 12 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңін №60 мектеп-лицейінде өткізді.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 1438 (5-сыныптардан – 725, 6-сыныптардан – 713) оқушы қатысты.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 558 оқушы (5-сыныптан – 269, 6-сыныптан – 289) іріктеліп қалалық кезеңге жолдама алды.
І орын – 91 (5-сынып – 49, 6-сынып – 42);
ІІ орын – 193 (5-сынып – 90, 6-сынып – 103);
ІІІ орын: 274 (5-сынып – 130, 6-сынып – 144);
Грамота: 232 (5-сынып – 109, 6-сынып – 123).
2022 жылдың 12 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңін №60 мектеп-лицейінде өткізді.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 1438 (5-сыныптардан – 725, 6-сыныптардан – 713) оқушы қатысты.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 558 оқушы (5-сыныптан – 269, 6-сыныптан – 289) іріктеліп қалалық кезеңге жолдама алды.
І орын – 91 (5-сынып – 49, 6-сынып – 42);
ІІ орын – 193 (5-сынып – 90, 6-сынып – 103);
ІІІ орын: 274 (5-сынып – 130, 6-сынып – 144);
Грамота: 232 (5-сынып – 109, 6-сынып – 123).
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының аудандық кезеңі қаламыздың төрт ауданы бойынша іріктеліп, 18 қарашада төмендегі мектептерде онлайн форматта өткізілді:
№68 мектеп-гимназиясы -Сарыарқа және Байқоңыр аудандары;
№76 мектеп-лицейі- Есіл ауданы;
№87 мектеп-гимназиясы- Алматы және Байқоңыр аудандары.
Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп аудандықкезеңге жолдама алған 659 оқушыдан,151 оқушы (5-сынып-77 оқушы;6- сынып-74 оқушы) қалалық кезеңге өтті.
Олимпиада есептерін шығару оқушылардан терең ізденуді, терең ойлануды, еңбекқорлықты, шыдамдылықты талап етеді және соған дағдыландырады.
Оқушылар тест жұмысы, бос орынды толықтыру, шешу, есептеу бойынша білімдерін сынады.
Қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға ынталандыру мақсатында дипломдар, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар тағайындалады. Олимпиаданың аудандық кезеңінің нәтижесі төмендегідей:
5 сынып – 77 жүлделі орын, оңың ішінде: І орын – 22, ІІ орын – 55:
Есіл: І орын – 8, ІІ орын – 20;
Алматы: І орын – 6, ІІ орын – 15;
Байқоныр: І орын – 4, ІІ орын – 5;
Сарыарқа: І орын – 4, ІІ орын – 15.
6 класс – 74 жүлделі орын, оңың ішінде: І орын – 26, ІІ орын – 48:
Есіл: І орын – 5, ІІ орын – 15;
Алматы: І орын – 10, ІІ орын – 13;
Байқоныр: І орын – 5, ІІ орын – 5;
Сарыарқа: І орын – 6, ІІ орын – 15.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы 2022 жылдың 18 қараша күні №33 «Алтын дән» балабақшасында өтті.
Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Вокал» жеке/топтық орындау, «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша іріктеуден өткен 34 өнер шығармасы 176 тәрбиеленушінің қатысуымен қазылар алқасы назарына ұсынылды.
Қалалық кезеңге қатысқан 24 (№№27,28,33,44,65,71,32,53,45, 70,5,81,24,34, 38,50,73,64,92,3,30,41,2,69) балабақша арасында №27 «Балауса» және №65 «Бал бала» балабақшалары үш номинация бойынша №№45,73,70,32,33 балабақшалары екі номинация бойынша өнер көрсетті.
Қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Бас жүлде – 5, І орын – 7, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 11.
2022 жылдың 23 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы №52 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, I қалалық «Бейімбетті білмек парыз» атты Б.Майлин оқуларын өтті. Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 151 оқушы қатысты.
I қалалық «Бейімбетті білмек парыз» атты Б.Майлин оқулары қорытындысы бойынша 3 номинация бойынша 151 қатысушының 60 (40%) орын алды: Бас жүлде – 3, І орын – 14, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 28.
2022 жылдың 24-25 қараша күндері елордада Astana IT университетінің базасында 8-11 сынып оқушыларының «STEM Олимпиада – білім берудегі инновация» халықаралық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының дарынды оқушыларының зерттеу әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.
Олимпиадаға алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның өңірлері мен қалаларының 180 мектебінен 250 команда – 516 оқушы, бірінші рет Ресей, Өзбекстаннан келген оқушылармен қатар Астана қаласының 43 мектебінен 92 команда – 175 оқушы қатысты.
Қатысушылар 3 бағыт бойынша сайысты: «Үй тапсырмасын»; Инженерлік робототехника, Бағдарламалау және 3D модельдеу.
Екі күнге созылған Олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының келесі командалары жүлдегер атанды:
№16 ОМ, «TANKUR.AI» командасы – Ефимов Владимир, Халилов Нариман;
№ 38 МЛ, «БЕРКУТ» командасы – Нагуманов Азамат, Бекбатчаев Арсен;
№ 38 МЛ, «VENOM» командасы – Газизулы Туран-Яхия, Арыстан Бекзат;
№ 59 МЛ, «UNITY» командасы – Канат Адильбек, Жаркенова Толкын;
№ 4 МГ, «SERIOUS TEAM» командасы – Аманбеков Елнур, Аскар Алдияр;
№1 МЛ,«GOLD EXPERIENCE» командасы – Корчагин Олег, Гуцалов Артем.
2022 жылдың 26 қарашасында №54 мектеп-лицейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының II (қалалық) кезеңі өтті.
Байқаудың басты мақсаты – дарынды жастардың ғылымға, техникаға қызығушылығын арттыру, ой еңбегінің беделін арттыру, Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.
Байқау 4 бағыт, 20 секция бойынша өтті.
1 бағыт: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде». Секциялар: физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым.
2-бағыт: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу». Секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика.
3 бағыт: «Салауатты табиғи орта – Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың негізі». Секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
4-бағыт: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік маршруттар». Секциялар: тарих, Адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет (қазақ, орыс), тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалардың ІІ (қалалық) кезеңіне 71 оқу орнынан 488 жобамен 588 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 295 жобамен 354 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде: 1 орын – 36 жобамен 45 оқушы, 2 орын – 87 жобамен 103 оқушы, 3 орын – 173 жобамен 207 оқушы, грамота – 95 жобамен 112 оқушы.
«Ақберенде» оза шапқан астаналық дарындар 2022 жылдың 28-30 қараша күндері «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Ақберен» өнер байқауы Астана қаласында салтанат құрып, шын дарындыларды анықтады.
8-11 сыныптар арасындағы шығармашыл оқушылардың дарыны мен қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашатын өнер байқауы 6 номинация бойынша өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
- «Шешендік өнер, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша №86 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Айқын Құндыз ІІ орын;
- «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша №87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Құлажан Қарақат ІІ орын;
- «Эссе жазу» номинациясы бойынша №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Иманғазықызы Ақмаңдай ІІ орын;
- «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша №87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мисалбек Назар арнайы диплом;
- «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша №92 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Толипбеков Ерасыл алғыс хат иеленді.
Командалық есепте елордалық команда «үздік» деп танылып, І орынға ие болды.
2022 жылдың 30 қараша мен 2 желтоқсан күндері аралығында Қарағанды қаласында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша 11-сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Астана қаласы білім беру мекемелерінен қалалық кезеңі рейтингісі бойынша жоғары ұпай жинаған 11 оқушы қатысты.
Елордалық оқушылардың Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу нәтижесі:
І дәрежелі диплом мен КБТУ оқу орнының білім грантын жеңіп алған «Экономикалық лицейі» оқушысы Ким Анастасия Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі бойынша абсолютті жеңімпаз атанды.
ІІ дәрежелі диплом мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім грантын №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Ергешбек Жасұлан иеленді.
Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Лұқман Әділет пен №16 орта мектебінің оқушысы Серимбетова Нұркелді ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ
1)2022 жылы 1-7 қараша аралығында жобалық робототехника саласындағы біліктілікті арттыру мақсатында информатика пәнінің мұғалімдерімен «3D модельдеу және Arduino» бойынша робототехника оқытушылары үшін оқу-жаттығу жиынының I кезеңі – теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.
Бірінші кезеңді өткізу үшін Arduino және 3D модельдеу бойынша базалық білімі бар қаланың 17 білім беру мекемелерінен 20 информатика мұғалімі таңдап алынды.
2) 2022 жылы 11 қарашада информатика пәні мұғалімдеріне арналған 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника курсының аясында оқушылардың жобалық робототехника саласына қызығыушылықтарын арттыру: теориялық, практикалық білім және 3D модельдеу, бағдарламалау және электроникадан дағдыларын қалыптастыру мақсатында, «MakerSpace Hardware Projects» робототехникадан ғылыми-техникалық жобалар конкурсы «Chevron» компаниясының қолдауымен өткізілді.
3D модельдеу және Arduino бойынша робототехникадан информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстың (72сағ.) үш кезеңінен өткен 15 мұғалім сертификат алды. Оқушылары жүлдегер болған мұғалімдер Алғыс хатпен марапатталды.
Конкурстың қазылар алқасының шешімі бойынша 30 қатысушы төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
І орын – 1 команда; ІІ орын – 1 команда; ІІІ орын – 1 команда; грамота – 5 команда.
3) 2022 жылдың 25 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп Астана қаласы білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.
Конкурсқа 108 елордалық мектептерден 207 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Конкурстың қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: I орын-9, II орын- 27, III орын -36, грамота – 22.
4) «Педагогикалық идеялар фестивалі» педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында 2022 жылы 14-15 желтоқсанда өтеді.
Фестиваль екі кезеңнен тұрады:
І. Сараптама (22-29.11.2022 ж.);
ІІ. Қортынды (14-15.12.2022 ж.).
2022 жылдың 14-21 қараша аралығында Фестивальдің материалын (электрондық/қағаз нұсқаларын) қабылдау жүргізілді.
Қәзіргі уақытта сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ
Психологиялық сүйемелдеу бөлімі бір ай ішінде жоспарға сәйкес ата-аналармен, білім алушылармен және педагог-психологтармен жұмыс жүргізді.
Педагогтармен жұмыста 6 іс-шара өткізілді:
1.Мұғалімдерге арналған Вебинар: «Мазасыз балалар, ескерту белгілері»
Мақсаты: жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу.
2.Ақпараттандыру және келісім бланкілерімен жұмысты түсіндіру бойынша консультациялар.
3.Құжаттаманы жүргізу және Істер номенклатурасы бойынша қызметін жаңа бастаған психологтарға кеңес беру.
Мақсаты: білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету.
4. «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасымен жұмыс істеу бойынша оқыту.
Мақсаты: «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасымен жұмыс істеу дағдыларын үйрету.
«Жас психолог мектебі» аясында 2 іс-шара өткізілді:
5. «Балалар ұжымдарындағы тұлғааралық қатынастарды зерттеу бойынша диагностика» семинары.
Мақсаты: социометрия әдістемесімен жұмыс жасауда психологтарға әдістемелік көмек
6. «Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі психодиагностика» семинары.
Мақсаты: педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету, білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Қамту: 256 педагог-психолог.
Ата-аналар жұртшылығымен жұмыста алдын алу-ағарту қызметі аясында бөлім қызметкерлерімен 4 іс-шара өткізілді:
1. «Ата-аналар мектебі» курсы аясында «Балалар мен жасөспірімдердегі депрессия сигналдары» тақырыбындағы вебинар.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерде депрессияның алдын алу.
2. Коучинг ««Мен өз балама қанша көңіл бөлемін?»
Мақсаты: балалармен қарым-қатынаста психологиялық түзету ретінде жағымды сөздердің мүмкіндіктерін бағалау.
3. «Жасөспірімдер арасында қорқытудың алдын алу және алдын алу. Әр ата-ана нені білуі керек?».
Мақсаты: жасөспірімдер ортасында қорқытудың алдын алу бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
4. «Мектеп – шағын ауданның әлеуметтік өмір орталығы» тақырыбындағы ата-аналар клубының отырысы өткізілді.
Мақсаты: отбасының психологиялық-педагогикалық мәдениетін және әлеуметтік әріптестігін арттыру.
Қамтылған: 142 ата-ана.
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыру жұмысында 4 іс- шара өткізілді:
1. «Татуласу мектебі: тепе-тең» қалалық онлайн семинары
Мақсаты: оқушылар арасынан ерікті медиаторларды даярлау
3. Тренинг: «Біз бір командамыз».
Мақсаты: студенттермен жұмыс, топты біріктіруге арналған тренинг.
4. ХҒПК шеңберінде «Татуласу мектебі: тепе-тең» қорытындысы бойынша «Мектеп – медиация аймағы» квест – шоуын дайындау және өткізу.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық білім беру. Волонтер-медиаторларды даярлау қорытындысын шығару, курстан өткені туралы куәліктерді тапсыру.
Қамту:120 оқушы.
Халықаралық форматтағы 1 іс-шараға қатысты: халықаралық ғылыми – практикалық конференцияда «білім беру экожүйесі-қазіргі заманғы мектептің жұмыс істеуінің жаңа моделі ретінде»тақырыбында ХҒПК баяндамасымен.
Мақсаты: педагогикалық тәжірибе және ғылыми нәтижелермен алмасу.
Қамту: 120 қатысушы.
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс
– №26 МГ-мен ынтымақтастық жөніндегі меморандум шеңберінде «Білім беру экожүйесі қазіргі заманғы мектептің жұмысының жаңа моделі ретінде»
3-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
№26 МГ- мен ынтымақтастық жөніндегі меморандум шеңберінде «Білім беру экожүйесі қазіргі заманғы мектептің жұмыс істеуінің жаңа моделі ретінде» 3-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағын жасау және редакциялау №26 (12-25.11.22).
– «Татуласу мектебі: тепе – тең» 5 маусымының жабылуы туралы ақпараттық хат және жас медиатор-еріктінің куәліктерін дайындау.
– ХҒПК шеңберінде «Татуласу мектебі: тең-тең» қорытындысы бойынша «мектеп – Медиация аумағы» квест – шоуының сценарийі мен слайд-тұсаукесерін әзірлеу (29.12.2022).
-ХҒПК шеңберінде «Шағын ауданның мектеп – әлеуметтік өмір орталығы» шебер –сынып өткізу (№30.11 МГ. 2022).
– Ата-анасының шағымы бойынша №6 гимназияға баруды жүзеге асыру, жанжалды жағдайды шешуге көмек көрсету.
Жедел әрекет ету тобының жұмысы
Кәмелетке толмағандардың суицидтік фактілері негізінде 4 ЖӘТ отырысы ұйымдастырылып, өткізілді. ЖӘТ жұмысы шеңберінде кәмелетке толмағандарға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша білім беру ұйымдарының мобильдік топтарының құрамы үшін ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ суицидтік оқиғалардың салдарын оңалту бағыттары айқындалды.
Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің барлық қызметі білім басқармасына арналған қызметтік хаттарда көрсетілген, сондай-ақ «Астана дарыны» сайтында және Facebook парақшасында жарияланған.
«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.
Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне қазан айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 16 мекемеден 49 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:
- 7 сынып – 3 оқушы;
- 8 сынып – 5 оқушы;
- 9 сынып – 13 оқушы;
- 10 сынып – 25 оқушы
- 11 сынып – 3 оқушы
- 18- ата-анаға кеңестер берілді.
Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:
- Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
- Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);
«4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау.
Ағымдағы жылдың 1-30 қараша аралығында «Qabilet» қызметінің ұйымдастыруымен, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының https://qabilet.elbasyacademy.kz/ онлайн платформасында Астана қаласы білім беру мекемелерінің «4К» бойынша (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік) 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау жүргізілді. Осы уақыт аралығында диаогностикадан 439 оқушы өтті.
Оқушылардың қабілеттерін бағалау бойынша тестілер зияткерлік, коммуникативтік және шығармашылық әлеуеті, сондай-ақ жоғары академиялық жетістіктері бар балаларды әрі қарай сүйемелдеп, кәсіби бағдарлау мақсатында анықтау үшін арналған.
10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау бойынша Астана қаласында бүгінгі күнде 17719 оқушы тіркеліп, 15058 оқушы диагностикадан өтті. Диагностикалау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатын болады.