Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңі.

Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісімшарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 4-5 желтоқсан күндері информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытынды кезеңі Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында өткізілді.Олимпиаданың финалына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 50-ден астам команда қатысты, оның ішінде 4 елордалық команданың ішінен I және III дәрежелі дипломдармен (алтын медаль және қола медаль) дарынды ер балаларға арналған «Білім – инновация» лицей-интернатының командалары және II дәрежелі дипломмен (күміс медаль) «NURORDA» мектеп-лицейінің командасы марапатталды. Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!