2022 жылдың 28-30 қараша күндері «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Ақберен» өнер байқауы Астана қаласында салтанат құрып, шын дарындыларды анықтады. 8-11 сыныптар арасындағы шығармашыл оқушылардың дарыны мен қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашатын өнер байқауы 6 номинация бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
- «Шешендік өнер, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша № 86 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Айқын Құндыз ІІ орын;
- «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша № 87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Құлажан Қарақат ІІ орын;
- «Эссе жазу» номинациясы бойынша №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Иманғазықызы Ақмаңдай ІІ орын;
- «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша № 87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мисалбек Назар арнайы диплом;
- «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша № 92 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Толипбеков Ерасыл алғыс хат иеленді.
Командалық есепте елордалық команда «үздік» деп танылып, І орынға ие болды. Барша жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз! Өнерлі өрендерімізге шығармашылық шабыт тілейміз!