«Ақберенде» оза шапқан астаналық дарындар

2022 жылдың 28-30 қараша күндері «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Ақберен» өнер байқауы Астана қаласында салтанат құрып, шын дарындыларды анықтады.                        8-11 сыныптар арасындағы шығармашыл оқушылардың дарыны мен қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашатын өнер байқауы 6 номинация бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

  1. «Шешендік өнер, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша № 86 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Айқын Құндыз ІІ орын;
  2. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша № 87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Құлажан Қарақат ІІ орын;
  3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Иманғазықызы Ақмаңдай ІІ орын;
  4. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша № 87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мисалбек Назар арнайы диплом;
  5. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша № 92 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Толипбеков Ерасыл алғыс хат иеленді.

Командалық есепте елордалық команда «үздік» деп танылып, І орынға ие болды. Барша жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін тамаша жетістіктерімен  құттықтаймыз! Өнерлі өрендерімізге шығармашылық шабыт тілейміз!