«Алаштың ақсұңқары» І аймақтық Ақселеу оқулары

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ақселеу Сейдімбек атындағы «№54 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК бірлесіп «Алаштың ақсұңқары» І аймақтық Ақселеу оқуларын (әрі қарай – Оқулар) 2022 жылы 1 желтоқсан күні №54 мектеп-лицейінің базасында (Ш.Иманбаева көшесі, 4) өткізеді. Оқулар 3 бағыт бойынша өтеді:

  1. «Ақселеу шығармалары мектеп сахнасында» номинациясы. Бұл номинация бойынша 5-7-сынып оқушылары Ақселеу шығармаларынан 10 минуттан аспайтын көрініс қояды. Сахналық қойылым қатысушыларының саны 5 оқушыдан артық болмауы тиіс.
  2. «Бір өзі – бір әлем» номинациясы. 8-11-сынып оқушылары қазылар алқасы ұсынатын тақырыптарға эссе жазады.
  3. «Ғылымнан ғалымдыққа дейін…» номинациясы. 9-11-сынып оқушылары Ақселеу еңбектерінің идеясы бойынша ғылыми-танымдық жұмысын презентация түрінде қорғайды.
    Оқулардың өткізу тәртібі мен номинация талаптары Ережеде (Қосымша) берілген.
    Әр мектеп «Ақселеу шығармалары мектеп сахнасында» номинациясына 5 оқушы, «Бір өзі – бір әлем» номинациясына 1 оқушы және «Ғылымнан ғалымдыққа дейін…» номинациясына 1 оқушы ұсынады.