Қазақстандағы Балалар жылына орай 2022 жылдың 25 қараша күні әл Фараби атындағы оқушылар сарайында алғаш рет «Дара бала – 2022» қалалық форум-фестивалі өтті. Форумның мақсаты – шығармашыл әрі интеллектуалды дарынды балаларды қолдау, елордалық жас таланттардың шығармашылық, ғылыми, әлеуметтік әлеуетін көрсету. Ұйымдастырушылар – Астана қаласының білім басқармасы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Астана қаласындағы қосымша білім беру мекемелері.«Дара бала – 2022» форум-фестивалі аясында «Астана дарыны» орталығы елорданың табысты мектеп оқушыларымен Open Talk диалог алаңын ұйымдастырды.Платформа табысты көшбасшыларға TEDx форматында өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді. Барлық спикерлер – республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі интеллектуалдық және шығармашылық байқаулардың жеңімпаз-жүлдегерлері. Спикерлердің әрқайсысы өз саласында шыңдарды бағындыра білген дарындар, бүгінгі күннің өзінде қоржындарында көптеген жетістіктері бар. Кездесуде қонақтар өздерінің өмірлік стратегиясы мен «табысқа жету формуласы» туралы ойларымен бөлісті. Диалог барысында қатысушылар көптеген сұрақтарға тұшымды жауап алды. Фестиваль соңында дарынды балалар мен дарынды жастарды «Дара бала– 2022» марапатын табыстау рәсімі өтті.Интеллектуалдық және шығармашылық конкурстар мен сайыстардың жеңімпаз-жүлдегерлері «Жарқыра дара бала», «Олимп жұлдызы», «Талапты жас – ел тірегі», «Қол өнерден сыр ұққан шебер» сияқты 5 номинация бойынша марапатталды, жас таланттарды дайындаған шығармашылық ұжым басшылары да «Жұлдызды ұстаз» номинациясы марапатына ие болды.37 оқушы мен 13 жетекшіге «Дара бала – 2022» естелік сувенирлері табысталды.Бұдан кейін де «Дара бала» қалалық форум-фестивалін жыл сайын өткізу жоспарлануда.