Балабақша ата-аналарымен өткізілген семинар- тренинг

2022 жылдың 17 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімі «Бала құқығы -адам құқығы» Республикалық декада аясында Астана қаласы №75 «Балалық шақ» балабақшасының ата-аналарына арналған «Өз балама мен қаншалықты уақыт бөлемін?» тақырыбында семинар – тренингін өткізді.
Семинар – тренингке ата-аналар, балабақша меңгерушісі, әдіскер және тәрбиешілер қатысты. Қатысушылар саны – 26.
Балабақша меңгерушісі А. Нұрсейітқызы іс -шараның мақсатымен таныстырып, келген ата-аналарға алғысын білдірді. Балабақша психологі Г. Кайсаева «Аялы алақан» тренингін өткізіп, қатысушыларға жағымды орта қалыптастырды.
«Астана дарыны» орталығы психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері, психолог А.Исабекова «Сіз балаңызға қаншалықты уақыт бөлесіз? деген сұрақ қойып, әрбір ата-ананың жауап беруіне қолдау көрсетті.
Ата-аналарға балаға көңіл бөлмеу және жағымсыз сөздердің балаларының психикасына әсер етуінің салдары туралы ойлануға мүмкіндік беру мақсатында «Интернет-өз ұлынан да қымбат» әлеуметтік бейнеролигі көруге ұсынылды. Көрсетілімнен кейін «Сіз бұл туралы не ойлайсыз?», «Сізде қандай ойлар туындады?», «Өз балаңыздан қымбат нәрсе бар ма?» деген сұрақтарға кері байланыс жасалды. Кейбір аналар өз балаларына жеткілікті көңіл бөлмей келгеніне шынайы өкініш білдірді.
Шағын топтар жұмыстарында «Баланың сезіміне кері әсері бар сөздер», «Қиын балалар қалай пайда болады?, «Өз балаңды қалай «жоғалтпауға» болады?», «Сен менің бір бөлшегімсің?» тақырыптары бойынша постерлер құрастырылды. Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде ата-аналық директиваларды қолданбай, балалармен қарым-қатынас дағдыларын бекіту мақсатында «Сөздер балаға қалай әсер етеді»»жаттығуы, «Тыйым салу» рөлдік ойыны орындалды. Қатысушы ата-аналар рөлдік жағдайларды талдау, постер қорғау барысында баланың жеке басына теріс әсер ететін ата-аналық директивалардың кең таралған түрлерімен танысты.
А. Исабекова бала тәрбиесінде баланың эмоционалды жағдайына жағымсыз сөздердің әсерін, жағымды сөздердің бала мінез-құлқын түзетуге оң әсерін ата-аналарға түсіндіріп, пайдалы ақпарат ұсынды.
Семинар- тренинг «Сөйлемді аяқта» («Мен білдім…», «Мені ойлануға әкелді..») рефлексиясымен қорытындыланды. Ата-аналар осындай семинар-тренингтердің алдағы уақытта да өткізіп тұрудың маңызды екендігін айтты.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы атынан семинар-тренинг өткізуге жағдай жасаған балабақша меңгерушісі А. Нұрмағанбетоваға және педагогикалық ұжымға алғыс білдіреміз.