Кішкентай бүлдіршіндердің өнерге басқан алғашқы қадамдарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы 2022 жылдың 18 қараша күні №33 «Алтын дән» балабақшасында өтеді. Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Вокал» жеке/топтық орындау, «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша іріктеуден өткен 24 балабақшаның тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Өнерге қанат қаққан балапандарға сәттілік тілейміз.