Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы

Кішкентай бүлдіршіндердің өнерге басқан алғашқы қадамдарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы 2022 жылдың 18 қараша күні №33 «Алтын дән» балабақшасында өтеді. Өнер байқауының қалалық кезеңінде «Вокал» жеке/топтық орындау, «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша іріктеуден өткен 24 балабақшаның тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Өнерге қанат қаққан балапандарға сәттілік тілейміз.