«Балабақшадағы психодиагностика» семинары

2022 жылдың 4 қарашасында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында педагог-психологтерге «Балабақшадағы психодиагностика» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.Семинарға 56 педагог – психолог қатыстыСеминар лекторлары психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Г. К. Капанова және аға әдіскер А.К. Исабекова мектеп жасына дейінгі баланың дамуының алғашқы кезеңдерінде психологтің психодиагностикалық жұмысының қаншалықты маңызды екенін атап өтті.Г. К. Капанова ертегілер сюжеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық диагностика әдістерін жүргізіуді іс жүзінде көрсетті. Бұл техникада жұмыс істеген кезде бала өзін басты кейіпкермен сәйкестендіретінін және эмоционалды реакцияларын көрсететінін түсіну маңыздылығына мән берілді. Психологтерге техниканы қолдану барысында баланың мінез-құлқына, интонация, іс-әрекет, эмоцияның маңыздылығына назар аударуға ұсыныстар берілді. Психологтер бұл әдістердің мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізуде практикалық құндылығын атап өтті.Бөлімнің аға әдіскері А.Исабекова баланың эмоционалды жағдайына теріс сөздердің кері әсері туралы ата – аналардың ойлануына мүмкіндік беру және жағымды сөздер арқылы балалармен түзету жұмысының тиімді тұстарын көрсету мақсатында дайындалған «Отбасында «қиын» ата- аналар болғанда» таныстырылымын ұсынды. Таныстырылым барысында «Сөздер балаға қалай әсер етеді?» жаттығуы, «Тыйым салу» рөлдік ойыны орындалды және «Баланың сезіміне кері әсері бар сөздер», «Қиын бала қалай пайда болады?», «Өз балаңды қалай жоғалтпауға болады?», «Бала менің бір бөлшегім» тақырыптары бойынша шағын топтық жұмыстарда постерлер құрастырылды.Жас мамандар рөлдік жағдайларды талдау,өз постерлерін қорғау арқылы баланың жеке басына теріс әсер ететін ата – аналық директивалардың кең таралған түрлерімен танысып, оларды алмастыратын жағымды сөздердің оң әсерін балалармен психокоррекциялық жұмыста пайдалана алу мүмкіндіктерін анықтап, оларды ата – аналармен жұмыста қолдана алу дағдыларын бекітті. Ата-аналармен жұмыста пайданалануға көмекші әдістемелік материалдар тізімі берілді.Балаларын ұмытып, әлеуметтік желілерде «өмір сүретін», баланың болашағына тәрбие тапшылығының теріс әсерін түсінбейтін ата – аналар жайлы «Интернет өз ұлынан да қымбат» әлеуметтік бейнеролигі көрсетіліп, тыңдаушылар өз әсерлерімізбен бөлісті.Семинар жұмысы «Мен білдім…», «Мені ойлануға әкелген …» деген сөйлемдері аяқтау рефлексиясымен қорытындыланды.