«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «КазРоботикс» федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігімен қараша айының 3 және 4 күндері аралығында спорттық робототехника бойынша «KazRoboSport-2022» республикалық чемпионатын Астана қаласы Қадыр Мырза Әлі атындағы «Binom School» мектеп-лицейінде өткізіп жатыр.
Чемпионаттың мақсаты- роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Чемпионатқа көктемде өткен өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары болған республиканың 17 аймағынан 9 бен 17 жас аралығындағы 130 оқушы (әр аймақтан 8 оқушыдан тұратын 4 команда) робототехниканың екі санаты:робо-сумо және робо-биатлон бойынша қатысуда.
Астана қаласынан Айтжанов Олжас Еслямбекұлының жетекшілігімен І.Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясы мен «Роботек» роботехника мектебінің командалары және Alpamys мектебінің оқушысы қатысуда.
Астаналық командаларға сәттілік тілейміз!
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2022/11/Инстаграм-Пост-Новая-Коллекция-Одежды-1-1024x1024.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2022/11/PHOTO-2022-11-03-15-25-52-2-768x1024.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2022/11/PHOTO-2022-11-03-15-25-52-1-1-768x1024.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2022/11/PHOTO-2022-11-03-15-25-50-2-768x1024.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2022/11/PHOTO-2022-11-03-15-25-50-1-1-1024x768.jpg)
![](http://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2022/11/PHOTO-2022-11-03-15-25-49-1-768x1024.jpg)