«KazRoboSport – 2022» чемпионаты

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қазақстандық білім беру және спорттық  робототехника «КазРоботикс» федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігімен қараша айының 3 және 4 күндері аралығында спорттық робототехника бойынша «KazRoboSport-2022»  республикалық чемпионатын Астана қаласы Қадыр Мырза Әлі атындағы «Binom School» мектеп-лицейінде өткізіп жатыр.

         Чемпионаттың мақсаты- роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Чемпионатқа көктемде өткен өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары болған республиканың 17 аймағынан 9 бен 17 жас аралығындағы 130 оқушы (әр аймақтан 8 оқушыдан тұратын 4 команда) робототехниканың екі санаты:робо-сумо және робо-биатлон бойынша қатысуда.

Астана қаласынан Айтжанов Олжас Еслямбекұлының жетекшілігімен І.Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясы мен «Роботек» роботехника мектебінің командалары және Alpamys мектебінің оқушысы қатысуда.

 Астаналық командаларға сәттілік тілейміз!