«Балалар ұжымдарындағы тұлғааралық қатынастарды зерттеу бойынша диагностика» оқыту семинары 

2022 жылдың 4 қарашасында   «Астана дарыны» дарынды балалар мен  талантты жастарды анықтау және қолдау  орталығының психологиялық қызмет бөлімі  «Жас  психолог мектебі» аясында  орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған  «Балалар ұжымдарындағы тұлғааралық қатынастарды зерттеу бойынша диагностика» тақырыбында әдістемелік семинар өткізеді.

Семинар офлайн форматта, Мәңгілік ел даңғылы 55/13. 5- пост,  блок С 2.1,  мекенжайында (ЕХРО)  2 -қабаттағы  конференция залында өтеді.

Басталуы  сағат 10:00.

Семинарды өткізу тілі: қазақша, орысша.