2022 жылдың 4 қарашасында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Балалар ұжымдарындағы тұлғааралық қатынастарды зерттеу бойынша диагностика» тақырыбында әдістемелік семинар өткізеді.
Семинар офлайн форматта, Мәңгілік ел даңғылы 55/13. 5- пост, блок С 2.1, мекенжайында (ЕХРО) 2 -қабаттағы конференция залында өтеді.
Басталуы сағат 10:00.
Семинарды өткізу тілі: қазақша, орысша.