ІІ қалалық «Әдебиет әліппесі» оқулары

«Астана дарыны» ДБмТЖАжҚ орталығы 2022 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес ІІ қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуларын (бұдан әрі- Оқулар)     2-4    сынып     оқушылары    арасында    желтоқсанның     3     күні  

№63 мектеп-гимназиясы базасында өткізетінін хабарлайды.  

          Оқулардың мақсаты – мектеп оқушыларының қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 

Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:  

  1. «Өнер алды….» – ертегіні мәнерлеп, жатқа оқу номинациясы; 
  2. «Ойлан, тап» – берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру номинациясы;    
  3. «Алтын сақа» – шығарманы   жалғастыру номинациясы;
  4. «Ақ желкен» – шығармашылық жұмыс номинациясы.

Қатысушыларды тіркеу: сағат 08:15-08:45 

Басталуы: сағат 09.00.    

Оқуларға қатысу үшін келесі сілтемесі бойынша   https://forms.gle/NDG5idTP3DhAMqS18 13 қарашаға дейін   тіркелу қажет.

 Ұйымдастырушылардың мекенжайы: Астана қаласы,  Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, «Астана дарыны» орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 20 26 83, 87011654321.