«Астана дарыны» ДБмТЖАжҚ орталығы 2022 жылдың іс-шаралар жоспарына сәйкес ІІ қалалық «Әдебиет әліппесі» оқуларын (бұдан әрі- Оқулар) 2-4 сынып оқушылары арасында желтоқсанның 3 күні
№63 мектеп-гимназиясы базасында өткізетінін хабарлайды.
Оқулардың мақсаты – мектеп оқушыларының қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:
- «Өнер алды….» – ертегіні мәнерлеп, жатқа оқу номинациясы;
- «Ойлан, тап» – берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру номинациясы;
- «Алтын сақа» – шығарманы жалғастыру номинациясы;
- «Ақ желкен» – шығармашылық жұмыс номинациясы.
Қатысушыларды тіркеу: сағат 08:15-08:45
Басталуы: сағат 09.00.
Оқуларға қатысу үшін келесі сілтемесі бойынша https://forms.gle/NDG5idTP3DhAMqS18 13 қарашаға дейін тіркелу қажет.
Ұйымдастырушылардың мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, «Астана дарыны» орталығы.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8/7172/ 20 26 83, 87011654321.