Республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің сенатор Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы және Сенат Төрағасының кеңесшісі Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызымен кездесуі

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің сенатор Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы және Сенат Төрағасының кеңесшісі Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызымен кездесуі өтті.     Оқушыларды Парламент Сенатының мұражайы, халықаралық кездесулер залымен таныстырған  Нариман Төреғалиұлы мен Бибігүл Нұрғалиқызы оқушылар алдында сөз сөйлеп, кәсіби екі палаталы Парламенттің даму тарихы және оның қазіргі кездегі жұмысы туралы әңгімеледі.     Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Кездесу өте қызықты және мазмұнды өтті.