🔵Республикалық лингвистика олимпиадасының аудандық кезеңі

 Лингвистикалық олимпиада – 8 - 11 сынып оқушыларының зияткерлік сайысы. Олимпиадаға қатысушыларға әлемнің ең алуан:кең таралған және өте сирек  кездесетін тілдерінің фактілеріне негізделген бірнеше лингвистикалық тапсырмаларды шешу ұсынылады. 
 Олимпиаданың тапсырмаларын сәтті орындау үшін тек тапқырлық пен пайымдау қабілеті жеткілікті. 

2020 жылдың 20 қазанында Республиканың барлық өңірлері үшін бір күнде өтетін Республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне Астана қаласының 85 білім беру мекемесінен 109 оқушы (8-11 сынып) бекітілген квота бойынша – бір мектептен бір оқушы (басымдық 9-10 сынып оқушыларына беріледі), сондай-ақ квотадан тыс 2021-2022 оқу жылының қалалық кезеңінің жеңімпаз-финалистері қатысуда.
Ережеге сәйкес олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:
I кезең (аудандық) – 20 қазан 2022 жыл;
II кезең (қалалық) – 10 қараша 2022 жыл;
III кезең (республикалық) – 24 қараша 2022 жыл.
💐💐💐 Астаналық оқушыларға сәттілік тілейміз!